Accessibility links

Нигерияда екінші адам Эбола індетін жұқтырды


Либериядағы ауруханалардың бірінде Эблола вирусынан қорғайтын маска киіп тұрған америкалық дәрігер Кент Брантли.

Либериядағы ауруханалардың бірінде Эблола вирусынан қорғайтын маска киіп тұрған америкалық дәрігер Кент Брантли.

Нигерия билігі елдегі халық ең көп қоныстанған қала - Лагоста Эбола вирусын жұқтырған екінші адам тіркелгенін растады. Науқас - өткен аптада Либерияға барып келген соң Эбола вирусынан көз жұмған адамды емдеген дәрігер.

Нигерия - Эбола безгегі тіркелген төртінші ел. Вирус биыл ақпан айында пайда болып, Либерия, Гвинея, Сьерра-Леоне елдеріне таралған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бұл індеттен көз жұмғандар саны 887 адамға жеткен. 2 тамыздан бері АҚШ-тың Атланта қаласында Либериядан вирус жұқтырып келген дәрігер емделіп жатыр.

Эбола - әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі. Оны жұқтырған адамның өліп кету ықтималдылығы 90 пайызды құрайды. Әзірге вирустың емі, я оған қарсы вакцина ойлап табылған жоқ.

XS
SM
MD
LG