Accessibility links

Жапония Ресейге қатысты санкцияларды мақұлдады


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.

Жапония үкіметі 40 адам мен екі компанияны Ресейге қарсы салған санкциялар тізіміне қосуды мақұлдады.

Премьер-министр Синдзо Абэ кабинеті бүгін Токиода Ресейдің Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдағаны үшін "Үлкен жетілік" елдері сияқты қосымша санкциялар салуға келісті.

Үкіметтің бұл туралы таратқан мәлімдемесінде "Жапонияда сақтауда тұрған Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына немесе Украинаның шығысындағы тұрақсыздыққа қатысы бар акциялар бұғауланады" делінген. Жаопния бұған қоса "Қырымда жасалған өнімдерді" импорттауды да шектемек.

Жаңа санкциялар тізіміне іліккен адамдардың аты-жөні, компаниялар мен тауарлардың аты жарияланған жоқ.

XS
SM
MD
LG