Accessibility links

Қырғыз жерінен Қазақстанға су беріле бастады


Трансшекаралық Аспара өзені. Чолок-Арык ауылы, Қырғызстан, 23 маусым 2014 жыл.

Трансшекаралық Аспара өзені. Чолок-Арык ауылы, Қырғызстан, 23 маусым 2014 жыл.

Қырғызстанның Үч-Коргон су электр станциясынан Қазақстанға су беріле бастады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстандық «Электр станциялар» кәсіпорнының мәліметінше, 1 тамыздан бастап аталған СЭС-тің су қоймасынан Қазақстанға секундына 350 текше метр су беріліп жатыр. Қырғызстан жағы суды өткен айда Чолпон-Ата қаласында Қазақстан үкіметімен жасалған келісім бойынша босатып жатқанын хабарлады. Келісім бойынша, Қазақстан жағы судың орнына Қырғызстанға күз-қыс мезгілінде 500 миллионнан 1 миллиард киловаттқа дейін электр қуатын бермек.

Қырғызстан үкіметі биыл су тапшылығына байланысты Қазақстаннан күз және қыс мезгілдерінде 1 миллиард киловатқа дейін электр қуатын беру жағын қарастыруды сұрап, Қазақстан жағы 500 миллон киловатт электр қуатын беруге келіскен.

XS
SM
MD
LG