Accessibility links

Иран: ХАМАС-қа зымыран технологиясын бердік


Газа секторы. 11 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Газа секторы. 11 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Иранның Саяси мәселелер жөніндегі кеңесінің хатшысы Мохсен Резайи Тегеранның палестиналық ХАМАС ұйымына зымыран технологияларын бергенін хабарлады. Оның айтуынша, Иран палестиналықтарға "блокада жағдайында қару-жарақ шығарып, өздерін қорғауы үшін қорғаныс және әскери технологияларды беруге міндетті".

Бұрын Иранның революциялық гвардиясының қолбасшысы болған Мохсен Резайи ел президенті Хасан Роуханиге палестиналықтарға Израильдің шабуылдарынан қорғану үшін әуе шабуылынан қорғаныс технологиясын беруді сұрап хат жазған.

Резайи бұған қоса Израиль армиясының Газа секторын бомбалағанына қарамастан, қару-жарақ жасайтын кәсіпорын зардап шекпегенін айтады.

XS
SM
MD
LG