Accessibility links

Донецк маңына әуеден соққы берілді


Донецк облысының Славянск қаласында жүрген украиналық әскери техника. 5 тамыз 2014 жыл.

Донецк облысының Славянск қаласында жүрген украиналық әскери техника. 5 тамыз 2014 жыл.

Украинаның шығысында 6 тамызға қараған түні Донецк маңына әуеден соққы берілді деп хабарлайды жергілікті тұрғындарға сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

Тұрғындар әуелі ұшақтың дыбысы, сосын екі рет күшті жарылыс үні естілгенін айтқан. Агенттік әуе соққысын "украин авиациясы жасағанын" хабарлады.

Донецкінің Петровск ауданында өрт жалыны байқалады. Құрбан болғандар мен жарылыстың нақты қай жерде болғаны туралы ақпарат жоқ. Алдын-ала мәліметтер бойынша, электр желілері мен су құбырларына зақым келмеген.

XS
SM
MD
LG