Accessibility links

БҰҰ Украинадағы гуманитарлық ахуалды талқылады


Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы ұрыста снаряд түскен мектеп бөлмесі. Луганск, шілде, 2014 жыл.
Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы ұрыста снаряд түскен мектеп бөлмесі. Луганск, шілде, 2014 жыл.

5 тамыз күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысында ұйымның гуманитарлық мәселелер жөніндегі агенттігінің басшысы Джон Джинг Украинаның шығысында гуманитарлық жағдай нашарлап барады деп мәлімдеді. Ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз етуде проблемалар туындап, қираған ғимараттар саны көбейген аймақтан медициналық мекемелердің көпшілігінің қызметкерлері де кетіп қалған.

Джон Джинг егер жақын уақытта "саяси шешімі" табылмаса, онда қақтығыс құрбандарының саны артатынын ескертті. БҰҰ дерегінше, Украинаның шығысында қақтығыстардан бейбіт тұрғындар мен соғысушы жақтардан 1367 адам қаза тапқан.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин Украинаның шығысындағы гуманитарлық ахуалды "апатты жағдайда" деп атап, Донецк мен Луганск облыстарына халықаралық Қызыл Крест ұйымының бастамасымен гуманитарлық көмек жөнелтуге шақырды. Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Александр Павличенко Чуркиннің ұсынысына қарсылық білдіріп, Украинада гуманитарлық дағдарыс байқалмайтынын, Донецк мен Луганскідегі ахуалдың "күрделі" екенін мәлімдеп, Украинаның жағдайды өзі реттей алатынын, бірақ халықаралық серіктестермен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

Жиынға қатысқан өзге елдердің өкілдері, оның ішінде АҚШ өкілі Розмари Дикарло Украинадағы гуманитарлық ахуал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізуге тұрарлықтай емес дегендей пікір білдірді. Ұлыбритания өкілі Марк Лайалл Грант "гуманитарлық ахуалдың нашарлауына Ресей жауапты" екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG