Accessibility links

Толықтай мемлекет иелігіндегі "Астана-Энергия" компаниясының басқарма төрағасы "пара алған" деп күдікке ілінді. Бұл туралы қаржы полициясына сілтеме жасап жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Астана қалалық қаржы полициясы департаменті компания басшысының үстінен Қылмыстық кодекстің 1-бабының 311-тармағы бойынша ("пара алу") қылмыстық іс қозғаған.

Қаржы полициясының дерегінше, компания басшысы биыл 26 шілде күні жекеменшік фирма өкілінен 850 мың теңге көлемінде пара алған деген күдікке қалып отыр.

XS
SM
MD
LG