Accessibility links

"Қорғас ісі" бойынша апелляциялық сот шешімі шықты


"Қорғас ісі" бойынша сотталғандар сот залында. Алматы, 12 сәуір 2014 жыл.

"Қорғас ісі" бойынша сотталғандар сот залында. Алматы, 12 сәуір 2014 жыл.

Бүгін, 6 тамыз күні Алматы әскери соты апелляциялық алқасының судьясы Айдын Нұрбеков "Қорғас ісі" бойынша сотталғандар мен адвокаттардың үкімге берген шағымы бойынша шешімін жариялады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, апелляциялық сот тек бір ғана сотталушы - алты жылға кесілген Мәрлен Садыбековтің шағымын қанағаттандырған. Сот оны қамаудан босатып, жаза тәртібін шартты түрге ауыстыру туралы шешім шығарған. Ал қалған сотталушыларға шығарылған үкімді күшінде қалдырған. Ұзақ мерзімге түрме жазасына кесілгендердің көпшілігінің туыстары мен адвокаттары апелляциялық сот шешіміне кассациялық сотқа шағымданатындарын айтады.

Биыл 12 сәуірде "Қорғас ісі" бойынша шығарылған сот үкімімен 45 адам әртүрлі мерзімге сотталған. Олардың көпшілігі кеден қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аймақтық органдарында жоғары қызметтер атқарған. Сот ҰҚК-нің жоғары шенді тұлғаларына сүйенген ұйымдасқан қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы контрабандалық жолмен Қытайдан Қазақстанға заңсыз тауар тасып, қылмыс жасаған деп тапқан еді.

XS
SM
MD
LG