Accessibility links

Министр: Санкция бойынша жоспар жасалды


Үкімет үйі, Астана. (Көрнекі сурет).
Үкімет үйі, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ресейге қарсы санкциялар күшейіп, Украинадағы ахуал нашарлай берген жағдайға арналған шаралардың жеке жоспарын жасады деп хабарлады бүгін үкіметтің кеңейтілген жиынында сөйлеген экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

"Әлемдік экономикадағы артып келе жатқан қауіпті ескеріп, министрлік қазір ішкі және сыртқы экономикалық көрсеткіштердің динамикасына жүйелі түрде мониторинг жасап отыр. Мемлекеттік органдармен бірлесіп экономикалық түрлі сценарийлерге арналған дағдарысқа қарсы жоспарлар жасалды" деді Досаев.

Оның айтуынша, санкцияға байланысты жоспар "президент тапсырмасы бойынша" жасалған және ол алдағы күзде "өзекті" болмақ.

Бұған дейін Еуропа Одағы мен АҚШ Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты Ресейге бірқатар экономикалық санкциялар салған еді.

XS
SM
MD
LG