Accessibility links

Қазақстан үкіметінің құрылымы өзгерді


Астанадағы үкімет үйі.

Астанадағы үкімет үйі.

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет құрылымында өзгерістер жасалатынын мәлімдеді. Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген құрамдағы жиынында Назарбаев "12 министрлік пен 30 комитеттен тұратын үкіметтің жаңа құрылымын жасақтауға шешім қабылдағанын" айтты.

Ақорданың Twitter-дегІ парақшасында хабарлауынша, құрамына экономика, өңірлік даму министрліктері мен статистика, бәсекелестікті қорғау агенттігі кіретін ұлттық экономика министрлігін Ерболат Досаев басқарады.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау министрліктері бірігіп, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі болып қайта құрылады. Оған Тамара Дүйсенова жетекшілік етеді.

Жаңадан құрылатын мәдениет және спорт министрлігін Асқар Мұхамедиұлы басқарады. Энергетика министрі болып Владимир Школьник тағайындалды.

Назарбаевтың айтуынша, төтенше жағдайлар министрлігінің өкілеті ішкі істер министрлігіне беріледі. Ал қаржы полициясы қысқартылып, оның міндеті жаңадан құрылатын мемлекеттік қызмет істері және коррупциямен күрес жөніндегі агенттікке беріледі. Оның басшылығына Қайрат Қожамжаров тағайындалды.

XS
SM
MD
LG