Accessibility links

Назарбаев: Украина дағдарысы келіссөзбен шешілуі керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 3 шілде 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 3 шілде 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген жиынында Украинадағы жағдайға байланысты пікірін білдірді.

Украинаның Қазақстанның маңызды серіктесі екенін айтқан Назарбаев бұл елдегі дағдарысқа қатысты өз елінің үнсіз қалмайтынын айтты.

«Осы ел үкіметінің болжамы бойынша, жыл соңына дейін Украинаның жалпы ішкі өнім көлемі кемінде 6 пайызға дейін құлдырайды. Инфляция 20 пайызға дейін жетіп, ұлттық валютасы қатты құлдырауы мүмкін. Мұның бәрі бізді алаңдатпай қоймайды және біз ол жайттарды ескеруіміз керек. Украина ТМД-дағы еркін сауда аймағының бір бөлігі саналады. Біздің Украинамен адами байланыстарымыз, сауда келісімдеріміз бар. Мұның барлығы қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырады. Біз Украинадағы қарапайым адамдардың қайғысына алаңдаймыз. Біз барлық тараптарды келісім үстеліне отырып, қантөгісті тоқтату жолдарын іздестіруге шақырамыз. Меніңше, бұдан өзге шығар жол жоқ» деді Назарбаев.

Қазақстан президенті бұл елдегі дағдарысқа байланысты «қолынан келгенінің бәрін жасайтынын» да айтты.

XS
SM
MD
LG