Accessibility links

Ресей министрі Өскеменге келді


Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов (сол жақта) пен Сергей Лавров. Мәскеу, 3 сәуір 2014 жыл.
Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов (сол жақта) пен Сергей Лавров. Мәскеу, 3 сәуір 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға - Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен қаласына екі күндік сапармен келді.

Ол Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен келіссөздер өткізуі тиіс. Министрлер екіжақты қарым-қатынасты, халықаралық және аймақтық мәселелерді, еуразиялық интеграция процесін, экономикалық және мәдени жайттарды сөз етеді.

Лавров ол өңірдегі Қазақстан мен Ресей бірлесе ашқан кәсіпорындарды да араламақ.

Ресейдің Алтай өлкесімен және Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданымен шекаралас Шығыс Қазақстанда орыстілді тұрғындардың үлесі әжептәуір.

XS
SM
MD
LG