Accessibility links

Путин Батыстан кейбір тауар импортына тыйым салды


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 5 тамыз 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 5 тамыз 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Ресейге қарсы санкция салған елдерден азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға тыйым салатын жарлық шығарды. Құжат бойынша, импортқа тыйым бір жыл мерзімге салынған. Путин үкіметке тыйым салуға жататын тауарлардың тізімін жасауды тапсырды.

5 тамыз күні Ресей президенті үкімет биліктің батыс елдерінің санкциясына қарсы жауап шараларының тұтынушыларға кері әсер етуіне жол бермеу қажет деген.

Мәскеу бұған дейін Украина, Молдова және Еуропа Одағына мүше бірнеше елден бірқатар тауарды тасымалдауды шектеген.

Бұған дейін Еуропа Одағы мен АҚШ Мәскеу Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдайды деп Ресейдің энергетика және банк секторына қарсы бірқатар санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG