Accessibility links

Ыдырысов пен Лавров Украинаны да талқылады


Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов (сол жақта) пен Сергей Лавров. Мәскеу, 3 сәуір 2014 жыл.

Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов (сол жақта) пен Сергей Лавров. Мәскеу, 3 сәуір 2014 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 6 тамыз күні Өскеменде Қазақстанға екі күндік сапармен келген Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, бірқатар кәсіпорындарды аралады.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қос министр Қазақстан мен Ресейдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы мәселелерін, Орталық Азияда, Украина мен Таяу Шығыста тұрақтылық орнату жайын талқылаған. Кездесуде екі ел президенттерінің кездесуінің дайындығы да сөз болған.

Сергей Лавров Өскеменде "Азия Авто" кәсіпорнына, "Қазатомпром" ұлттық компаниясының Үлбі металлургиялық зауытына барған. Зауыт ядролық отын компоненттері мен құрамында бериллий, тантал және ниобий бар өнім өндіреді. Мұнда Лавров қазақстандық кремнийдің негізінде күн модульдерін дайындау жобасымен танысқан.

Сергей Лавров бұған қоса Өскемендегі Ресейдің бас консулдығында, Андрей Первозванный кафедралдық соборында болған.

Ресейдің Алтай өлкесімен және Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданымен шекаралас Шығыс Қазақстанда орыстілді тұрғындардың үлесі әжептәуір.

XS
SM
MD
LG