Accessibility links

Ресейде мемлекет саясатын сынаған шенеунік қызметтен кетті


Мәскеу Кремлі. (Көрнекі сурет)

Мәскеу Кремлі. (Көрнекі сурет)

Ресейдің экономикалық даму министрінің орынбасары Сергей Беляков мемлекеттік зейнетақы саясатын сынағаны үшін қызметінен босатылды.

Беляков 6 тамыз күні Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында үкіметтің зейнетақы қорынан қаржы алу шешімі үшін кешірім сұраған. Ол үкіметтің бұл саясаты үшін өкінетінін "жеке пікірім" деп атаған. Жұмыс күні аяқталар уақытта ол қызметінен босатылды.

Ресей үкіметінің сайтында жарияланған Беляковтың қызметінен босатылғаны туралы хабарламада "шенеуніктерге өз жұмысына қатысы болмаса көпшілік алдында мәлімдеме жасап, баға беруге тыйым салынатыны" айтылған.

Сергей Беляков 2012 жылдың тамызынан министрдің орынбасары болған.

Бұдан бұрын Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов зейнетақы қорындағы қаржы "дағдарысқа қарсы шараларға жұмсау үшін және наурыз айында Украинадан аннексияланған Қырым түбегін дамытуға пайдаланылғанын" мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG