Accessibility links

Бішкек Бакиевтің «марапатталғанын» тексермек


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев.

Қырғызстан биліктен қуылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің Беларусь мемлекетінің «Халықтар достығы» орденімен марапатталғаны туралы ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлады.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Бішкектегі Беларусь елшісі Виктор Денисенконы 5 тамыз күні министрлікке шақырып, ақпаратқа қатысты түсінік беруін сұрағанын мәлімдеді. Денисенко қырғыз шенеуніктеріне Бакиевтің «марапатталғанынан хабары жоғын» айтып, оны анықтауға уәде берген.

2010 жылдың сәуірінде билікке қарсы толқулар нәтижесіне қызметінен қуылып, елден қашып кеткен Құрманбек Бакиев содан бері өз отбасының кейбір мүшелерімен бірге Беларусьте тұрып жатыр.

Шілде айының соңында Қырғызстан соты Құрманбек Бакиевті «2010 жылы сәуірде билікке наразылық білдіріп, алаңға шыққан азаматтарды атуға бұйрық берді» деп айыптап, сырттай өмірлік түрме жазасына кескен.

XS
SM
MD
LG