Accessibility links

Астанада аштық акциясы жалғасып жатыр


Астанада аштық жариялап жатқан тұрғындар. 6 тамыз 2014 жыл.

Астанада аштық жариялап жатқан тұрғындар. 6 тамыз 2014 жыл.

Астанада үйлерін сүріп, жерлерін "мемлекет қажетіне" алуға наразы бес әйелдің жариялаған аштық акциясы екінші күнге ұласты. Олардың бірі Сандуғаш Серікбаеваның бүгін Азаттыққа айтуынша, бастары ауырып, қан қысым төмендеп, әлсірей бастаған әйелдер тек су ішеді, далаға шықпайды.

Әйелдер аштық жариялаған 6 тамыз күні туыстарының үй маңынан әкімдік пен полиция қызметкерлерін көріп қалғанын, бірақ олардың үйге кірмегенін айтады. Аштық акциясы тұрғын Алтын Чевалиеваның үйінде өтіп жатыр. Сот орындаушыларының айтуынша, оның үйі жоспар бойынша 8 тамызда сүрілмек.

Астанада баспанасы тұрған жер телімдерін «мемлекет қажетіне» алуға наразы тұрғындар бұған дейін бірнеше рет қарсылық акцияларын өткізген. Қала билігі олардың жер телімдері бұрынғы саяжай аумағында болғандықтан қазіргі ұсынылған өтемақы - орташа есеппен әрқайсысына 5 миллион теңге - мөлшерінен артық ақша берілмейтінін айтады. Шілдеде бас прокуратура Астанадағы бұрынғы саяжай жерлерін мемлекет иелігіне алу «заң талаптарына қайшы келмейтінін» мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG