Accessibility links

АҚШ әскери крейсері Қара теңізге тағы кірді


Румын әскери теңізшілері Қара теңізде жүрген америкалық Vella Gulf крейсерінің жанында тұр. 5 шілде 2014 жыл.

Румын әскери теңізшілері Қара теңізде жүрген америкалық Vella Gulf крейсерінің жанында тұр. 5 шілде 2014 жыл.

АҚШ-тың Vella Gulf зымыран қаруы бар крейсері кезекті рет Қара теңізге кірді деп хабарлады Ресей әскери-теңіз флотының бас штабы.

Бұған дейін АҚШ әскери-теңіз күштері алтыншы флотының қолбасшылығы таратқан мәлімдемеде крейсер Қара теңізге "аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау үшін" кіргізілгені айтылған.

Америкалық крейсер "Томагавк" қанатты зымырандары және SM-3 тосқауылдаушы зымырандарымен жарақтандырылған. SM-3 зымырандары "Иджис" жүйесімен бағытталып атылады. Vella Gulf соңғы рет Қара теңізге маусымның соңы - шілденің басында кірген. Монтре конвенциясы бойынша, Қара теңізбен шектеспейтін елдердің кемелері теңізде 21 күннен артық бола алмайды.

Украинаның шығысында дағдарыс басталғалы бері АҚШ пен НАТО-ға мүше өзге де елдердің әскери кемелері Қара теңізге кіріп жүр.

XS
SM
MD
LG