Accessibility links

Киев орталығында қақтығыс болып жатыр


Киевтің орталығындағы белсенділер мен милицияның қақтығысы. 7 тамыз 2014 жыл.
Киевтің орталығындағы белсенділер мен милицияның қақтығысы. 7 тамыз 2014 жыл.

Бүгін Киевтің орталығында өздерін "Майданның өзін-өзі қорғау тобы" деп атайтын белсенділер мен милиция арасында қақтығыс болды. Қақтығыс коммуналдық қызмет өкілдері баррикадаларды бұзуға кіріскеннен кейін басталған.

Gazeta.ua интернет басылымының хабарлауынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарсылық білдірген топқа қарсы залалсыз граната қолданған. Белсенділер полицияға петарда мен тас лақтырған. Қала орталығындағы Крещатик көшесін қою қара түтін басқан. Тәуелсіздік алаңындағы барлық кафе, мейрамханалар мен сауда орындары жабылған.

Бұған дейін белсенділер коммуналдық қызметтің баррикадаларды бұзып, шатырларды жинау әрекетіне қарсылық танытып, көлік доңғалақтарын өртеген еді.

9 шілде күні Украина бас прокуроры Виталий Ярема ішкі істер министрі мен қауіпсіздік қызметінің басшылығына Киевтің орталығындағы басып алынған әкімшілік ғимараттарын босату шараларын жасауды сұраған. Прокурор алаңда тұрғандар талапқа бағынбай қарсылық көрсетсе заң алдында жауапқа тартылады деп ескерткен.

XS
SM
MD
LG