Accessibility links

Ресей импорттауды шектеген өнімдер тізімін жариялады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей Еуропа Одағы елдерінен, АҚШ, Австралия, Канада және Норвегиядан сиыр еті, шошқа еті, көкөніс, құс еті, ірімшік пен сүт өнімдерін импорттауға тыйым салды деп мәлімдеді бүгін үкімет отырысының ашылуында сөйлеген премьер-министр Дмитрий Медведев.

Тыйым президент жарлығы бойынша 7 тамыздан бастап бір жыл мерзімге күшінде болады. Шектеу балалар тағамдарына қойылмаған.

6 тамыз күні Ресей президенті Владимир Путин "Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жекелеген экономикалық шараларды қабылдау туралы" жарлық шығарған. Ол бойынша Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге санкция салған елдерден бір жыл бойына ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізат және азық-түлік жеткізуге тыйым салынған.

Импорттауға тыйым салынған тауарлардың тізімі бүгін Ресей үкіметінің сайтында жарияланған.

XS
SM
MD
LG