Accessibility links

Путин, Назарбаев және Лукашенко санкцияны сөз етті


Еуразия экономикалық одағын құру келісіміне қол қойған Беларусь, Қазақстан мен Ресей президенттері. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Еуразия экономикалық одағын құру келісіміне қол қойған Беларусь, Қазақстан мен Ресей президенттері. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Кремльдің баспасөз қызметі Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстан және Беларусь президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Президенттер Еуразия экономикалық одағының интеграциялық ынтымақтастығы мәселелерін айтқан. Олар Мәскеудің Ресейге АҚШ пен Еуропа Одағынан және тағы бірнеше елден азық-түлік пен шикізат өнімдерін әкелуге шектеу қою шешіміне қатысты сауда-экономикалық саласын үйлестіру жайын да талқылаған.

Әңгіме барысында Украина дағдырысы да сөз болған. Үш ел президенттері ол мемлекеттегі қақтығысты тоқтатып, ел ішінде диалог орнату үшін бірлесе жұмыс істеу керегін айтқан.

Қазақстан, Ресей және Беларусь - Еуразия экономикалық одағын құруға келіскен елдер.

XS
SM
MD
LG