Accessibility links

Украинаның тағы бір әскери ұшағын атып түсірді


Донецк облысындағы украин әскери көліктері. 6 тамыз 2014 жыл.

Донецк облысындағы украин әскери көліктері. 6 тамыз 2014 жыл.

Украина әскерилерінің хабарлауынша, елдің шығысында ресейшіл сепаратистер Украина әскери ұшағын атып түсірді. Қорғаныс министрлігінің өкілі Владислав Селезневтің мәлімдеуіне қарағанда, ұшақ Донецкіден солтүстік-шығысқа қарай 40 километр қашықтыққа құлаған. Пилот ұшақты елді мекеннен басқа жаққа бұрып әкетіп, өзі катапультпен секіріп кеткен. Қазір іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Украина армиясы сепаратистерге қарсы төрт айға созылған әскери операция барысында бірнеше әскери ұшағынан айырылды. Өткен айда сепаратистер шоғырланған аумақта Малайзия жолаушылар ұшағы атып түсірілді. Ұшақ бортындағы 298 адамның барлығы қаза тапты. Украина мен Батыс елдері "ұшақты сепаратистер атып түсірген" деп санайды.

7 тамыз күні Украинаның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченко "сепаратистер Ресейдің Украинаға басып кіруіне сылтау табу үшін ресейлік ұшақты атып түсірмек болған" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG