Accessibility links

Путин мен Назарбаев Порошенкомен келісуді кеңесті


Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.
Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украина президентімен тікелей келіссөздер жүргізу мүмкіндігі жайын талқылады" деп хабарлады ресми akorda.kz сайты.

7 тамыз күні Украинадағы дағдарыс жайлы сөйлескен президенттер осы елдің президенті Петр Порошенкомен "түрлі форматта, соның ішінде Кеден Одағына мүше елдер мен Украина кездесуі немесе ТМД елдері президенттерінің кезектен тыс отырысы аясында тікелей келіссөздер жүргізу" мүмкіндіктерін сөз еткен.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Владимир Путин "Ресейдің бірқатар Батыс елдерінен ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік әкелуді шектеуі Мәскеудің біржақты шарасы екенін және оған Кеден Одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше елдер қатыспайтынын" айтқан.

Маусым айының соңында Еуропа Одағы мен АҚШ Мәскеуді "Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдап отыр" деп, Ресейге қарсы экономикалық санкцияларын күшейткен. 7 тамыз күні Ресей президенті бұған жауап ретінде санкция салған елдерден ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік импорттауды шектеді. Импорттауға тыйым салынған тауарлар Ресей үкіметінің сайтында жарияланды.

XS
SM
MD
LG