Accessibility links

Обама Иракта әуе соққысын жасауға бұйрық берді


АҚШ президенті Барак Обама. Вирджиния, 7 тамыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Вирджиния, 7 тамыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Ирактағы "Ирак және Шам ислам мемлекеті" (ИШИМ) ұйымы содырларының позициясына әуеден соққы жасауға санкция берді. Президент бұған қоса Ирактағы исламшылдар басып алған аумақтарды тастап кеткен босқындар тұрып жатқан аудандарға гуманитарлық көмек көрсетуге бұйрық шығарды.

Барак Обама әуе соққысын жасау туралы шешімін 7 тамыз күні америкалықтарға телеарнадан сөйлеген сөзінде жариялады.

Обаманың айтуынша, "белгілі бір нүктелерге жасалатын соққының мақсаты - имламшылардың Ирбиль қаласын басып алуына жол бермеу, ондағы Америка азаматтарын қорғау және Ирактың қауіпсіздік күштеріне қолдау көрсету".

Барак Обама америкалықтарға АҚШ-тың Иракта жаңа соғысқа килігуіне жол бермейтініне сендірді.

Мұның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің мәлімдемесінде президент "шектеулі әскери қимыл жүргізуге және өте қиын кезеңде Ирак халқына гуманитарлық көмек көрсетуге" бұйрық бергені айтылған.

7 тамызда ИШИМ жариялаған "Ислам мемлекетінің" содырлары Ирактағы христиандар ең көп тұратын Каракош қаласын, христиандары басым Тель--Кейф, Барателла және Карамлеш қалаларын бақылауға алған.

Ирактың солтүстік аудандарына гуманитарлық жүк жеткізу ендігі басталып кетті.

Ақ үйде соңғы күндері исламшыл содырлардың Иракта бірнеше қаланы бақылауына алуына байланысты шектеулі әскери қимылдар жүргізу мәселесі көп талқыланды.

XS
SM
MD
LG