Accessibility links

Израиль: Газа секторынан зымыран атылды


Израиль армиясы "үш күндік бітім мерзімі аяқталмай жатып Газа секторынан Израиль аумағына қарай зымырандар атылғанын" хабарлады. Зымыран шабуылынан ешкім зардап шекпеген.

Израиль мен Палестина автономиясы өкілдері Каирде ұзақ мерзімді бітім жасасу туралы келіссөздер өткізіп жатыр. Израиль бітімді "белгісіз мерзімге" дейін ұзартқысы келетінін айтады. Бірақ ХАМАС өкілдері "бітімге тек Израиль Газа секторын қоршаудан босатып, теңіз портын ашқан жағдайда ғана келісетінін" білдірді.

Палестина билігі Израильді "бітім туралы келіссөздерді қасақана созып отыр" деп айыптайды. ХАМАС-тың әскери қанаты - "Изз ад-Дин әл-Кассам" бригадасының өкілі 7 тамыз күні "егер талаптары орындалмаса, Израильге қарсы күрес қайта жалғасатынын" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG