Accessibility links

Борышкерлер Ресей консулдығына көмек сұрап барды


Борышкерлер Ұлттық банк алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Алматы, 7 тамыз 2014 жыл.

Борышкерлер Ұлттық банк алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Алматы, 7 тамыз 2014 жыл.

"Алматыда бүгін бір топ борышкер Ресей консулдығының алдына жиналып, Ресей үкіметінен көмек сұрап барды" деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Өзін қоғамдық белсенді деп таныстырған Мингазов Рустамның айтуынша, борышкерлер Қазақстан банктері ипетокалық қарыз мәселелерін шешпей отырғандықтан, Ресей үкіметінен көмек сұрауға мәжбүр болған.

Борышкерлер консулға Ресей үкіметінің атына жазылған хат апарған. Наразылардың бірі консулмен түстен кейін кездесетіндерін, хатты сол кезде тапсыратындарын айтты.

Қазақстанда банктерден несие алған борышкерлер бұған дейін де Алматы мен Астанада бірнеше рет наразылық акцияларын өткізген еді. Соңғы рет олар 7 тамыз күні Ұлттық банкке барған.

Банкке борышын қайтара алмаған азаматтар билік пен банктерден берешек несие көлемі мен оның өсіміне байланысты дауларын шешуді талап етіп келеді. Билік орындары банк пен клиенттердің арасындағы дауға араласа алмайтынын айтса, банк өкілдері несие алған азаматтарға заң аясында талап қойып отырғандарын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG