Accessibility links

Delta: Ресей арқылы ұшудан бас тартуға дайынбыз


Ресей туы. (Көрнекі сурет).
Ресей туы. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тағы ірі әуе компанияларының бірі Delta егер Ресей еуропалық және америкалық ұшақтардың өз аумағы арқылы ұшуына тыйым салса, онда АҚШ-тан Азияға ұшырылатын рейстерінің маршрутын өзгертуге дайын екенін мәлімдеді.

Delta-ның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде тыйым компанияның 12 рейсіне қатысты болуы мүмкін екені айтылған.

Businessweek журналының хабарлауынша, United Airlines әуе компаниясы мен әлемдегі ең ірі жүк тасымалдайтын UPS фирмасы да маршруттарын өзгерту жайын қарастырып жатыр.

7 тамызда Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Батыс елдері әуе компанияларының Ресей аумағы арқылы ұшуына тыйым салу жайы қарастырылып жатқанын мәлімдеген. Оның сөзінше, тыйым салу Ресейдің "Добролет" әуе компаниясына қарсы Еуропа Одағы мен АҚШ санкциясына жауап ретінде талқыланып жатыр.

XS
SM
MD
LG