Accessibility links

Ресей Украинадан босқын қабылдауды шектемек


"Ресейдің бірқатар аймақтары Украиналық босқындарды қабылдамайтын болды деп хабарлайды" федералдық миграция қызметіне сілтеме жасаған "Коммерсант" басылымы.

Мәскеу мен Петербург, Мәскеу облысы, Ростов облысы, Шешенстан мен Қырым Украинадан келетін босқындарды қабылдауды тоқтатқан. Миграция қызметінің басшысы Константин Ромодановскийдің айтуынша, украиналық босқындарды өз қаржысымен басқа өңірлерге жөнелтіп жатыр.

Ромодановскийдің сөзінше, Украинаның шамамен 60 мыңға тарта азаматы Ресейден босқын мәртебесін беруді немесе уақытша паналатуды сұрап өтініш берген. Ол үкіметтің үш күн ішінде уақытша тұруға рұқсат беру туралы қаулысы 7 тамызда ғана күшіне енгенін айтып, енді миграция қызметі өтініш білдірушілер саны күрт артуы мүмкін деп болжайды.

Ромодановскийдің сөзінше, Ресейде қазір 2 миллионға тарта Украина азаматы бар. Олардың 600 мыңы Украинаның оңтүстік-шығысынан келген. 36 мың адам уақытша орналастыру пунктерінде тұрып жатыр. БҰҰ деректері бойынша, биыл Украинаның шығысындағы әскери операциялардан шамамен 730 мыңға тарта адам елді тастап, Ресейге кеткен.

Соңғы есептеулер бойынша, Украинадан келген босқындарды орналастырып, көмек көрсету үшін Ресей 5 миллиард рубль жұмсауы қажет.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG