Accessibility links

Чалый: Украинаға Кремль "көмек" кіргізбек болды


Украина президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Валерий Чалый "Сенбіге қараған түні Ресей Украина территориясына бітімгерлер кіргізуге әрекеттенді" деп мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, "Ресей жақтан шекараға әскерилер күзетімен келе жатқан көлік конвойы тоқтатылған". Ол бұл мәлімдемесін "Шустер live" телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

Чалый "Ресей "гуманитарлық көмек" деген желеумен арандату әрекетін жасамақ болды, олары іске асқанда оқиға қатты шиеленісетін еді" деген.

Оның айтуынша, "Украина президенті Петр Порошенко қарулы күштер, ішкі істер министрлігі, Ұлттық гвардия басшыларымен шұғыл жиналыс өткізіп, кейбір Батыс елдері басшыларымен телефон арқылы сөйлескен".

Валерий Чалый "арандату жоспары іске аспады" дейді. Ол Украинаның халықаралық ережелерге сәйкес берілген жағдайда гуманитарлық көмектерді қабылдауға дайын екенін айтқан.

Киев мәлімдемелеріне қатысты Ресей тарапынан әзірге комментарий жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG