Accessibility links

Ресейге Киевке "көмектеспеуді" ескертті


БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Саманта Пауэр.

БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Саманта Пауэр.

АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері Ресейге Украинаның ішкі істеріне араласпауды, соның ішінде "гуманитарлық көмек" көрсетпеуді ескертті.

Бұл екі елдің билігі "Ресей гуманитарлық көмекті желеу етіп, Украинадағы жағдайға араласуы мүмкін" деп есептейді.

9 тамыз күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген АҚШ елшісі Саманта Пауэр "Ресейдің осы тараптағы кез келген әрекеті Украинаның ішкі ісіне араласу деп бағаланатынын" мәлімдеді.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хаммонд "Мәскеуді арандату әрекеттерін жасамауға" шақырды.

Мұның алдында Ресей қорғаныс министрлігі "Ресейдің оңтүстігіндегі әскери жаттығулардың аяқталғанын" хабарлаған. АҚШ Украина дағдарысы ушығып тұрған кезде өткізілген бұл жаттығуларды "арандату" деп сипаттаған еді.

НАТО "Ресейдің Украина шекарасына жақын жерге 20 мың әскер шоғырландырып отырғанын" мәлімдеді. Бұл аймақта Украина үкіметінің әскері мен ресейшіл сепаратистер соғысып жатыр.

XS
SM
MD
LG