Accessibility links

Ресей Исмет Юкселді Қырымға кіргізбеді


Қырым автономиясы парламентінің ғимаратынан жұмысшылар қырым татарлары тіліндегі жазуды алып жатыр. Симферополь, 18 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырым автономиясы парламентінің ғимаратынан жұмысшылар қырым татарлары тіліндегі жазуды алып жатыр. Симферополь, 18 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей билігі сенбі күні отбасымен бірге шетелдік сапардан қайтып келе жатқан Қырым татарлары қоғам қайраткерлерінің бірі Исмет Юскелді Отанына кіргізбей қойды. Бұл туралы Қырым татарлары Меджлисінің төрағасы Рефат Чубаров Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.

Оның жазуынша, Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Юскелге бес жылға дейін Қырым түбегіне кіруге тыйым салынғанын айтқан.

Исмет Юксел – Қырым татарлары Меджлисі төрағасының Түркиямен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі. Ол Түркиядағы қырым татарлары диаспорасының қолдауымен Қырымда жүзеге асырылған көптеген гуманитарлық жобалардың жетекшісі болған деп жазады УНИАН агенттігі.

XS
SM
MD
LG