Accessibility links

Путин, Әлиев және Саргсян Сочиде кездесті


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта), Армения президенті Серж Саргсян (оң жақта) және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев (ортада) үшжақты кездесуде отыр. Сочи, 10 тамыз 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта), Армения президенті Серж Саргсян (оң жақта) және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев (ортада) үшжақты кездесуде отыр. Сочи, 10 тамыз 2014 жыл.

Сочиде Ресей президенті Владимир Путин, Армения президенті Серж Саргсян және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қатысуымен үшжақты кездесу өтті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үш президенттің жексенбі күнгі кездесуінің негізгі тақырыбы Таулы Қарабақтағы жанжалды реттеу мәселесіне арналды. Кездесуге қатысқан тараптар жанжалды тек бейбіт жолмен реттеуге болатындығына келіскен. Ресей президенті «совет заманынан мұраға қалған мәселені» шешу қажеттігін айтқан.

«Ерік-жігер болса, кез келген қиын жағдай шешімін табады. Әзербайжан халқында да, армян елі тарапында да ондай ерік-жігер бар деген ойдамын» деді Путин.

Бұның алдында, сенбі күні Путин Саргсянмен және Әлиевпен жеке-жеке кездескен.

Сепаратистік Таулы Қарабақ аймағында соңғы уақытта қарулы жанжал өршіп, Баку мен Ереван арасындағы қатынас ушығып кеткен еді. Қақтығыстар салдарынан кейінгі күндері екі жақтан кемінде 20 адам мерт болғаны жайлы деректер бар.

XS
SM
MD
LG