Accessibility links

Тибетте автобус құздан құлап, 44 адам өлген


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Тибетте ондаған туристі әкетіп бара жатқан автобус биіктігі он метрлік құздан құлап, 44 адам опат болған. Қытай баспасөзінің хабарлауынша, апат салдарынан 11 адам жарақат алған.

Оқиға сенбі күні Тибеттің астанасы Лхаса қаласынан батысқа қарай жүз километрдей жерде болған. Екі көлікпен соқтысып қалған автобус содан кейін құздан құлаған.

Полиция туристік агенттік пен автобусқа иелік жасайтын көлік компаниясы менеджерлерін ұстаған.

Соңғы жылдары Қытайда Тибетті көргісі келетін азаматтар қатары артып отыр. Бірақ ол жерге тау жолдарымен ғана баруға болады. Бұл жолдарда әсіресе жауын-шашын көбейетін жаз маусымында қауіп-қатер күшейеді.

XS
SM
MD
LG