Accessibility links

Иранда ұшақ апатынан ондаған адам мерт болды


Тегерандағы «Мехрабад» әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақ бөлшектері құлаған жерде жүрген адамдар. 10 тамыз 2014 жыл.

Тегерандағы «Мехрабад» әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақ бөлшектері құлаған жерде жүрген адамдар. 10 тамыз 2014 жыл.

Бүгін таңертең Иран астанасынан елдің шығысындағы Табас қаласына ұшып шыққан Taban Airlines әуе компаниясының Iran-141 жолаушылар ұшағы Тегерандағы «Мехрабад» әуежайы маңында апатқа ұшырап, қырықтан аса адам опат болған. Бұл туралы Иран ақпарат құралдары хабарлады.

Соңғы жылдары Иранда әуе ұшақтары апатқа жиі ұшырайды. Оның басты себебі ретінде ұшақтардың ескіруі, оларды жөндеуге қажетті қаржы мен қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі айтылады. Иран әуе компаниясында негізінен 1979 жылғы Ислам төңкерісіне дейін сатып алынған АҚШ ұшақтары пайдалануда болып келген еді. Халықаралық санкциялар салынған соң Иран үкіметі Совет одағынан, кейін Ресейден ұшақтар сатып ала бастады.

2011 жылы қаңтарда Иран мемлекеттік әуе компаниясының Boeing 727 ұшағы апатынан 77 адам өлген. 2009 жылы Иранда Ресейде жасалған жолаушылар ұшағы құлап, 168 адам мерт болған еді. 2003 жылы ақпанда Иранның таулы аймағында ИЛ-76 ұшағы апатқа ұшырап, 302 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG