Accessibility links

Түркия сайлауында Ердоғанның жеңгені хабарланды


Ердоғанның жеңісі
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

ВИДЕО: Жақтастары премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның президент сайлауында жеңгенін тойлап жатыр. Анкара, 10 тамыз 2014 жыл.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған елде алғаш рет төте дауыс беру жолымен өткен президент сайлауында жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының басшысы Сади Гювен алдын-ала нәтижелер бойынша, дауыс берудің алғашқы кезеңінде Ердоғанның жеткілікті дауыс жинағанын хабарлады.

Сайлаудың ресми қорытындысы 11 тамыз күні жарияланады. Қазірге дейін сайлау бюллетендерінің көпшілігі саналған.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, дауыс берген сайлаушылардың 52 пайызы Режеп Тайып Ердоғанға қолдау танытқан, оның басты қарсыласы Экмеледдин Ихсаноглу 38 пайыз дауыс жинаған. Ихсаноглу жеңілгенін мойындаған.

«Әділет және даму» партиясының жетекшісі Режеп Тайып Ердоған үкіметті 2003 жылдан бері басқарып келеді. Сарапшылар бұған дейін Ердоған жеңіске жетсе Түркияда саяси биліктің сипаты өзгеруі мүмкін деген болжам айтқан.

XS
SM
MD
LG