Accessibility links

Бағдад: "Ислам мемлекеті" әскери қылмыс жасады


Синджар қаласынан Докух қаласын қашып барған езид диаспорасының әйелдері. Күрдістан, 5 тамыз 2014 жыл.

Синджар қаласынан Докух қаласын қашып барған езид диаспорасының әйелдері. Күрдістан, 5 тамыз 2014 жыл.

Ирак үкіметі министрлерінің бірі "Ислам мемлекеті" тобының содырларын елдің солтүстігінде әскери қылмыс жасап жатыр деп айыптады. Ирактың адам құқықтары жөніндегі министрі Мұхаммед Ши әл-Суданидің айтуынша, содырлар діни ұстанымдары өзгеше, күрдтердің этникалық тобына жататын жүздеген езидтерді қырған.

"Құрбандардың кейбірі, оның ішінде әйелдер мен балалар тірідей көміліп, кейбірі құлдыққа түскен" дейді министр. Ол "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары осыдан бір апта бұрын өздері басып алған Синджар қаласы мен оның айналасында "құрбандарды көміп кетіп, айуандық жасап жатыр" деп айыптады.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон да радикалды исламшылар тобы Ирактың солтүстігінде "адамзатқа қарсы қылмыс жасап жатыр" деп мәлімдеді.

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары езидтерді "әзәзілге табынушылар" деп атап, оларға исламды қабылдау туралы шарт қойып, оған көнбегендерді өлтіреміз деп қорқытқан соң езидтердің көпшілігі Синджардың солтүстігіндегі тауға бас сауғалап кеткен.

XS
SM
MD
LG