Accessibility links

Борышкерлер биліктен келісімді орындауды талап етті


Алматы әкімдігіне талаппен барған борышкерлердің бірі Жанна Садықова Шаңырақ оқиғасы туралы суретті көрсетіп тұр. Алматы, 11 тамыз 2014 жыл.

Алматы әкімдігіне талаппен барған борышкерлердің бірі Жанна Садықова Шаңырақ оқиғасы туралы суретті көрсетіп тұр. Алматы, 11 тамыз 2014 жыл.

Бүгін Алматыда ондаған борышкер қалалық әкімдік алдына наразылық акциясына шықты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кезінде ипотека арқылы үй алған борышкерлер қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжоловамен кездестіруді талап еткен. Жиналғандар қолдарына 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасы туралы суреттер ұстап алған. Борышкерлердің айтуынша, олар әкімдікке жалғыз баспаналары бар адамдардың үйлерін тартып алмау туралы былтыр Аманжолова және банктердің басшылығымен бірлесе жасалған келісімнің бұзылатынына алаңдап барған.

Борышкерлер таяуда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елге берілген банк несиелерін қайтару туралы сөзінен соң банктер өздерінен үйлерін тартып алмаққа әрекеттеніп жатқанын айтады.

Әкімдік маңында полиция, прокуратура өкілдері жүр. Борышкерлер прокурор өздеріне "рұқсат етілмеген жиын өткізбеу" жайлы ескерткенін айтады.

Қазақстанда банктерден несие алған борышкерлер бұған дейін де Алматы мен Астанада бірнеше рет наразылық акцияларын өткізген еді. Билік орындары банк пен клиенттердің арасындағы дауға араласа алмайтынын айтса, банк өкілдері несие алған азаматтарға заң аясында талап қойып отырғандарын мәлімдейді.

XS
SM
MD
LG