Accessibility links

Назарбаев пен Лукашенко Украина жайын талқылады


Қазақстан мен Беларусь президенттері Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Александр Лукашенко. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Қазақстан мен Беларусь президенттері Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Александр Лукашенко. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттер Украинадағы ахуалды, Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше үш ел мен Киевтің кездесу өткізу мүмкіндіктерін талқылаған.

Екі ел ынтымақтастығы мәселелерін де сөз еткен президенттер бұған қоса ЕАЭО-ны дамыту жайын, ЕАЭО туралы шартты ратификациялауды, бұл одаққа Қырғызстан мен Арменияның қосылуы жөнінде әңгімелескен.

XS
SM
MD
LG