Accessibility links

Донецкіде жікшілдермен шайқас жүріп жатыр


Украиналық "Азов" әскери батальоны Донецк маңында жараланған сарбазды әкетіп барады. 10 тамыз 2014 жыл.
Украиналық "Азов" әскери батальоны Донецк маңында жараланған сарбазды әкетіп барады. 10 тамыз 2014 жыл.

Украинаның шығысында ұрыс жүріп жатқан Донецк қаласы 12 тамызға қараған түні артиллериядан атқыланды деп хабарлайды ресейшіл сепаратистер штабына сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі. Алдын-ала ақпараттарға қарағанда, снарядтар қаланың Киев ауданында жарылған.

Қалада төтенше қызмет көліктері сиренасының үні естілген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, 11 тамыз күні кешке Донецкідегі Украина қауіпсіздік қызметінің бұрынғы ғимараты атқыланған. Ол ғимаратта қазір сепаратистер бекінген. Сепаратистердің болжамынша, ғимаратты украиналық әскер атқылаған.

XS
SM
MD
LG