Accessibility links

АҚШ Ирактағы күрдтерге қару-жарақ бере бастады


Эрбиль қаласы маңында жүрген күрдтердің "Пешмерга" тобының сарбаздары. Ирак, 8 тамыз 2014 жыл.
Эрбиль қаласы маңында жүрген күрдтердің "Пешмерга" тобының сарбаздары. Ирак, 8 тамыз 2014 жыл.

АҚШ Ирактың солтүстігіндегі күрдтерге исламшыл содырлармен соғысуына көмектесу үшін тікелей қару-жарақ жеткізе бастады деп хабарлады 11 тамыз күні аты-жөнін айтуды қаламаған америкалық шенеуніктер. Олардың сөзінше, әзірге тек автоматты винтовкалар мен оқ-дәрілер ғана жеткізіліп жатыр.

АҚШ өкілі қару-жарақты Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) жеткізіп жатқанын, бірақ таяуда қорғаныс министрлігі де күрдтерді қаруландыра бастауы мүмкін екенін айтқан.

Күрдістанның астанасы Эрбиль қаласы маңында күрд қарулы тобы - "Пешмерга" жасақтары "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына қарсы күресіп жатыр.

АҚШ қарулы исламшыл радикалдардың позицияларына әуеден соққы берген соң 10 тамыз күні күрд жасақтары Ирактың солтүстігіндегі екі қаланы бақылауына алған.

XS
SM
MD
LG