Accessibility links

Назарбаев: Өзара санкциядан еш пайда жоқ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 30 шілде 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 30 шілде 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемде қақтығыстардың ары қарай шиеленісуне жол бермеу қажетін айтып, "бір-біріне қарсы санкциялар салу - тығырыққа тірейтінін" мәлімдеді.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 12 тамыз күні Астанада бірнеше елдің елшілерінен сенім грамотасын қабылдау кезінде сөйлеген сөзінде Назарбаев "әлемде шиеленіс ошақтарының көбеюі, әсіресе Украинадағы дағдарыс, Таяу Шығыс пен басқа да аймақтардағы ахуал баршаны алаңдататынын" айтқан.

"Бұл экономикалық, қаржылық сала ауқымынан шығып кеткен әлемдік дағдарыстың салдары. Мұндай қиын кезеңде қақтығыстардың ары қарай ушығуына жол бермеу - өте маңызды нәрсе. Бір-біріне қарсы санкциялар салу - тығырықтан шығармайды" деген Назарбаев.

Ол бұған қоса Қазақстанның аймақтық және халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге белсене қатысуға ниетті екенін, соған байланысты 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуға өтініш бергенін де айтқан.

XS
SM
MD
LG