Accessibility links

ДСҰ: Эболадан көз жұмғандар саны 1 мыңнан асты


Испаниялық дәрігерлер Либериядан Эбола вирусын жұқтырып келген әріптестерін әкетіп барады. Мадрид, 7 тамыз 2014 жыл.
Испаниялық дәрігерлер Либериядан Эбола вирусын жұқтырып келген әріптестерін әкетіп барады. Мадрид, 7 тамыз 2014 жыл.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) Батыс Африкада Эбола вирусынан көз жұмған адам саны 1 мыңнан асқанын хабарлады. Ұйымның дерегінше, Гвинея, Либерия, Сьерра-Леоне және Нигерияда таралған вирустан 11 тамызға дейін 1013 адам қайтыс болған. Вирус жұққаны анықталған және жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінген 1848 адам бар.

Эбола вирусын жұқтырған адамның өліп кету ықтималдығы өте жоғары. Әзірге бұл індеттің емі, я оған қарсы вакцина табылған жоқ. Бірақ вирус жұқтырған үш адам сынақ ретінде жасалған дәріні ішіп жатыр.

Либерия 11 тамызда осы аптада вирусқа қарсы сынақтан өткізілмеген вакцинаның алғашқы бөлігін ала бастайтынын хабарлады.

ДСҰ Эбола вирусының таралуын халықаралық денсаулық сақтау саласына төнген төтенше жағдай деп жариялаған.

XS
SM
MD
LG