Accessibility links

Астанада "бір жынысты некеде тұрған" әйел өліміне үкім шықты


Астанадағы Сарыарқа аудандық соты.

Астанадағы Сарыарқа аудандық соты.

Астананың Сарыарқа аудандық қылмыстық істер сотында қарағандылық Кристина Чернышеваны өлтірді деп айыпталған Александра Ли, Диана Нұржанова және Мария Гурееваға қатысты үкім шықты.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сот үш әйелді қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағы бойынша (кісі өлтіру") айыпты деп танып, Александра Лиді - 15 жылға, Мария Гурееваны - 13 жылға, Диана Нұржанованы - 11 жылға кескен. Сот айыпталушыларды "Чернышеваны қастандықпен өлтірді және жеке заттарын ұрлады" деп таныған.

Ақпарат құралдары 2013 жылғы сәуірде Кристина Чернышева мен Александра Лиді "бейресми түрде Қазақстандағы алғашқы бір жынысты жұпқа айналып, неке қиды" деп хабарлаған еді. 2014 жылдың наурызында Чернышеваның жоғалып кеткені туралы хабарланып, кейін іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG