Accessibility links

Иракта босқындарға көмек жеткізетін тікұшақ құлады


Исламшыл содырлардың қырғынынан бас сауғалаған езидтер. Ирак, Синджар, 11 тамыз 2014 жыл.

Исламшыл содырлардың қырғынынан бас сауғалаған езидтер. Ирак, Синджар, 11 тамыз 2014 жыл.

Ирактың солтүстігінде Синджар қаласының маңындағы тауларда босып жүрген күрдтердің өзгеше дінді ұстанатын этникалық тобы - езидтерге көмек жүгін жеткізетін тікұшақ апатқа ұшырады. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, тікұшақ Ресейде шығарылған. Кейбір ақпараттар бойынша, ұшқыш қаза тауып, бортта болған езид депутаты жараланған.

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Ирактың солтүстігіне басып кірген соң ондаған мың езид босып кеткен. Содырлар оларға ислам діндерін қабылдау, болмаса өлімді таңдау туралы шарт қойған. Таулы аймақтарға босып кеткен олардың азық-түлігі таусылған.

Босқындарға АҚШ, Ұлыбритания және Франция әуеден ұшақтар және тікұшақтар арқылы гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG