Accessibility links

Ресей Wi-Fi пайдалану шартын қатайтпақ


Ресейдегі Wi-Fi интернет қызметін тарататын орын. (Көрнекі сурет).

Ресейдегі Wi-Fi интернет қызметін тарататын орын. (Көрнекі сурет).

Ресейде 13 тамыздан бастап Wi-Fi жүйесі арқылы интернетке қосылу ережесі қатаңдатылады. Енді тегін Wi-Fi қызметін көрсететін барлық орындар қолданушылардың интернеттегі жұмысы туралы мәліметтерді сақтап отыруға міндетті. Бұған қоса Wi-Fi қызметін анонимді түрде пайдалануға шектеу салынады.

Бірақ үкіметтің Wi-Fi қызметін шектеу шешімі қалай орындалатыны әзірге белгісіз. Себебі бұл шешімге үкіметтің интернет қолданушыларды анықтау туралы басқа бір қаулысы қайшы келеді. Ол қаулы байланыс операторларынан тіпті азаматтар интернетті бір-ақ мәрте қолданған жағдайда да олар туралы жеке мәліметтерді жинауды және интернетті қалай пайдаланғаны туралы ақпаратты алты ай бойы сақтауды талап етеді.

Ресей байланыс және коммуникация министрлігі интернетті қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi қызметі арқылы анонимді пайдалануға да шектеу қойылуы қажет деп санайды.

Жеке адамдар орнатқан Wi-Fi тарату орындарына үкімет қаулысы жүрмейді.

XS
SM
MD
LG