Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекарасында атыс болды


Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада 13 тамыз күні атыс болып, қырғызстандық екі азамат ұсталды деп хабарлады бүгін Азаттыққа Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекара қызметінің дерегінше, сәрсенбі күні Алматы облысы аумағында шолғында жүрген Қарасай шекара отрядының жасағы Қазақстан территориясында атқа мінген белгісіз үш адамның жүргенін байқаған. Олар өздеріне тоқтауды бұйырған шекарашыларға аңшы мылтығынан бес рет оқ атып, қашып кетуге әрекет жасаған.

Шекарашылар да қарсы оқ атып, екі адам ұсталған. Бір адам қашып кеткен. Атыстан ешкім зардап шекпеген. Шекара қызметінің хабарлауынша, ұсталғандар емдік шөптерді жинап жүрген қырғыз малшылары болып шыққан. Олардан кіші калибрлі винтовка мен дүрбі алынған.

Қазір бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG