Accessibility links

Израиль-ХАМАС бітімі 72 сағатқа ұзарды


Палестина делегациясының жетекшісі Аззам әл-Ахмед Газада уақытша бітім туралы келісімнен кейін баспасөз жиынын өткізіп тұр. Каир, 13 тамыз 2014 жыл.

Палестина делегациясының жетекшісі Аззам әл-Ахмед Газада уақытша бітім туралы келісімнен кейін баспасөз жиынын өткізіп тұр. Каир, 13 тамыз 2014 жыл.

Израиль мен ХАМАС Газа секторында уақытша бітімді тағы 72 сағатқа ұзартуға келісті. Бірақ келіссөздерде арағайындық жасап жүрген Египет өкілі тараптар ұзақ мерзімді бітім жариялауға әзірге келісе алмай отырғанын айтады.

Бұдан бұрын жарияланған үш күндік бітім жергілікті уақытпен тамыздың 14-іне қараған түні аяқталған. Израиль әскерилерінің хабарлауынша, бұған дейін Газа секторынан Израильдің оңтүстік аудандарына зымырандар атылған.

Израиль мен палестиналық ХАМАС ұйымы бірер күн бұрын ұзақ мерзімдік бітім туралы келіссөздерді "ауыр және нәтижесіз" өтіп жатыр деп сипаттаған. 12 тамыз күні Израиль қорғаныс министрі Моше Яалон елдің қарулы күштеріне ұрыстың қайта жалғасуына дайын болуды тапсырған.

ХАМАС пен оның одақтастары Израиль мен Египет Газа секторын блокададан шығарып, теңіз портын ашуды талап етеді. Бірақ Израиль жағы Газадан теңіз блокадасын алып тастаса ХАМАС әскери әлеуетін арттыруы мүмкін деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG