Accessibility links

Медведевтің Twitter-дегі аккаунты бұзылды


Ресей премьері Дмитрий Медведевтің Twitter-дегі аккаунты. (Көрнекі сурет).

Ресей премьері Дмитрий Медведевтің Twitter-дегі аккаунты. (Көрнекі сурет).

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Twitter-дегі аккаунты бұзылды. Ресей үкіметі баспасөз қызметінің өкілі ондағы соңғы жазылған жазбалардың "жалған" екенін айтты.

Медведевтің Twitter-дегі ресми MedvedevRussia аккаунтында бүгін сағат 10 шамасында "Отставкаға кетемін. Үкіметтің әрекетіне ұяламын. Кешіріңіздер" деген жазба шыққан. Бұдан 10 минут өткен соң "Еркін фотограф боламын. Бұрыннан армандап келгем" деген тағы бір жазба пайда болған.

Кейінірек "Ел басшылығының парасатты ойлай алмауынан Ресей азаматтары зардап шекпеуі тиіс" делінген тағы бір жазба жарияланған.

Медведевтің аккаунтын бұзғанын әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG