Accessibility links

Рим Папасы Оңтүстік Кореяға барды


Рим Папасы Франциск пен Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе. Сеул, 14 тамыз 2014 жыл.
Рим Папасы Франциск пен Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе. Сеул, 14 тамыз 2014 жыл.

Рим Папасы Франциск бүгін Оңтүстік Кореяға барды. Рим-католик шіркеуінің басшысы соңғы 25 жылдан бері Оңтүстік Кореяға алғаш рет барып отыр.

Францисктің Оңтүстік Корея президентімен кездесуінен бір сағат бұрын Солтүстік Корея Жапон теңізінде орта қашықтыққа ұша алатын үш зымыранын сынады.

Рим Папасы Корея түбегінде бейбітшілік орнауын "әрқашан тілеп жүргенін" мәлімдеді.

Францисктің Оңтүстік Кореядағы Рим-католик шіркеуіне сапары бес күнге жалғасады. Бұл елде халықтың оннан бірі - шамамен 5 миллион адам католик дінін ұстанады.

XS
SM
MD
LG