Accessibility links

Болотов ЛХР жетекшілігінен уақытша босады


Өзін-өзі жариялаған "Луганск халық республикасының" отставкаға кеткен жетекшісі Валерий Болотов.

Өзін-өзі жариялаған "Луганск халық республикасының" отставкаға кеткен жетекшісі Валерий Болотов.

Өзін-өзі жариялаған "Луганск халық республикасының" (ЛХР) жетекшісі Валерий Болотов өзінің отставкаға кеткені туралы ақпаратты растады деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі. Бірақ Болотов ұрыс кезінде жарақат алуына байланысты "уақытша отставкаға" кеткенін айтады. Оның орнын ЛХР "қорғаныс министрі" деп аталатын Игорь Плотницкий басқан.

Болотов Луганск облысындағы жағдайды "күрделі" және "гуманитарлық апат" туындауға шақ тұр деп сипаттаған.

Бұған дейін өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" (ДХР) премьер-министрі Александр Бородай 7 тамыз күні қызметінен кеткен еді.

Донецк және Луганск "халық республикаларын" 2014 жылдың сәуірінде Украинаның шығыс аймақтарының Ресейге қосылуын жақтайтындар құрған.

XS
SM
MD
LG